Астанадағы ең үлкен мұз қалашықтың ауданы 2000 шаршы метрді құрайды

Фотография - Астанадағы ең үлкен мұз қалашықтың ауданы 2000 шаршы метрді құрайды

сурет astana.gov.kzсайтынан

Қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр

433 0

Мұз қалашықтар мен мұз айдыны елорда тұрғындарының қыс кезінде демалатын орны болып табылады. Мұздан жасалған түрлі мүсіндер, пішіндер мен композициялар қала тұрғындары мен қонақтарына қыс бойы қуаныш сыйламақ. Ең үлкен мұз қалашығы «Хан шатыр» СОО жанында орналаспақ.

Қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Биіктігі 25 метрді құрайтын еліміздің жаңажылдық бас шыршасы мұз қалашықтың ортасына орнатылды. Шырша жылтырақтармен, түрлі-түсті фольга қағаздармен оралған шарлармен безендіріліп, түнгі уақытта гирляндалар жанып тұрады, деп мәлімдеді Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Мәди Қанапин, "ҚазДекор" компаниясының директоры:

- Мұз арнайы жабдықпен өңделеді, иондалады, еріп кету қаупіне аз ұшырайды. Барлық инсталляцияларда жарық иллюминациялық шамдар қарастырылған, яғни түнгі уақытта өте әдемі болады. 

Қалашықтың алаңы екі мың шаршы метрге жуық. Мұнда бес мың текше метрден артық мұз бен жеті мың текше метр жасанды қарды пайдалану жоспарланған. Қалашық аумағында мұз айдыны, мұз төбешіктері, қардан жасалған мүсіндер, мультфильмдердің кейіпкерлері, қардан жасалған панно және т.б. болады. Паннодан Астананың атаулы нысандарын көруге болады. 

Бұдан басқа үш қысқы қалашық қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда, Есіл өзенінде және Отан Ана монументінің жанынан ашылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!