Ақмол ауылында жаңа 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді - Ақмола облысы

Фотография - Ақмол ауылында жаңа 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді - Ақмола облысы

Құрылыс жұмыстарын мердігер "ЗаводСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген

224 0

Целиноград ауданының Ақмол ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынған 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек,  биылғы көктемгі су тасқынынан Ақмола облысындағы бірқатар елді мекенді су шайып кетіп, халықты біраз әбігерге салғаны белгілі. Соның ішінде Целиноград ауданы ең көп зардап шекті. Аудан бойынша барлығы 300-ге жуық баспана жарамсыз болып қалса, оның 200-ден астамы Оразақ ауылындағы үйлер.

Қазіргі кезде,  өңірде табиғат апатының зардаптары біртіндеп жойылып келеді. Жақында Оразақ ауылында құрылысы қолға алынған екі пәтерлі 100 үйден 196 отбасы пәтерлі болса,  бүгін Ақмол аулында 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр.

Құрылыс жұмыстарын мердігер "ЗаводСтрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген.

Бұл үйге де Оразақ, Жаңажол және Ағанас ауылындағы табиғат апатынан үйлері жарамсыз болып қалған ҰОС ардагерлері, мүгедектер мен зейнеткерлер қоныстанып отыр.

Соның бірі - Оразақ ауылының тұрғыны 94 жастағы қария ҰОС ардагері Қазипа Шәкіпаева. Зейнеткерге аталған үйден 3 бөлмелі пәтер беріліп отыр.

"Бүгінгі менің қуанышымда шек жоқ.  Қиын кезде қол ұшын созған азаматтар мен облыс, аудан басшылығына алғысымыз шексіз. Әсіресе,  табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек пен біз сияқты зейнеткерлерге әрқашанда қолдау көрсетіп келе жатқан Елбасы Н.Назарбаевқа шынайы алғысымды білдіремін. Бүгін мереке күні қарсаңында бұл біз үшін үлкен тарту болды", - дейді қария.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!