Жыл соңына дейін Астанада 2300 орындық екі мектеп құрылысы аяқталады

Фотография - Жыл соңына дейін Астанада 2300 орындық екі мектеп құрылысы аяқталады

Жыл басынан бері қалада 2 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді

408 0

Жыл сайын қала тұрғындарын білімімен қамту мақсатында жаңа мектептердің саны өсуде. Биыл тағы да екі мектеп салынбақ.

 С. Сейфуллин көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан 1100 орындық мектептің және А. Байтұрсынов көшесінің бойындағы 1200 орындық мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ.

Келесі жылы Астана қаласы Құрылыс басқармасының мәліметінше, 600 орындық жалпы білім беретін мектеп, 800 орындық екі кәсіптік-техникалық мектеп, 375 орындық түзету мектеп-интернаттары және әрқайсысы 525 орындық екі мектеп жанындағы құрылысты аяқтау жоспарланған.

Жыл басынан бері қалада 2 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді: жобаланып жатқан "Батығай" ТК ауданындағы 1200 орындық мектеп және № 26, № 37, № 38 көшелер мен Хусейн бен Талал көшесі аумағындағы 1200 орындық мектеп.

Қазіргі кезде қалада жалпы білім беретін 91 мектеп жұмыс істейді, онда 117 097 оқушы оқиды. 80 мемлекеттік мектепте 113 376 оқушы білім алады. Ал мемлекеттік емес 11 мектептегі оқушылар саны - 3721.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!