Бауыржан Исламхан заңды некеге тұрды

Фотография - Бауыржан Исламхан заңды некеге тұрды

"Қайрат" футбол клубының ұжымы Бауыржан Исламханды және оның зайыбы Еркежанды өмірлеріндегі осынау қуанышты күнмен құттықтайды.

1346 0

Таразда алматылық "Қайрат" командасының капитаны және Қазақстан құрамасының футболшысы Бауыржан Исламхан заңды неке тұрды, оның зайыбы - Еркежан Талғатбекова, деп хабарлады Sports.kz.

Бұдан бұрын "Қайрат" футбол клубы команда капитанын некеге тұру қуанышымен құттықтағаны хабарланған болатын. "Үйлену - жан толқытатын және салтанатты сәт, жаңа шаңырақтың, отбасының құрылуы. "Қайрат" футбол клубының ұжымы Бауыржан Исламханды және оның зайыбы Еркежанды өмірлеріндегі осынау қуанышты күнмен құттықтайды. Біз жас отбасына бақыт, игілік және ұзақ жылдар бірге шаттықпен өмір сүрулерін шын жүректен тілейміз!".

Футболшының қалыңдығы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында "Қыз ұзату" салтанатынан суреттерімен, сондай-ақ тойға әзірлік сәтінен түсірілген суреттерімен бөлісті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!