Алматыда Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы жол ережесі өзгерді

Фотография - Алматыда Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы жол ережесі өзгерді

Енді Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда қосымша нүкте жаяу жүргіншілерге арналған жеке шам пайда болды

482 0

Алматыда жаяу жүргіншілерге кедергісіз жүруге мүмкіндік беретін жол қозғалысын ұйымдастыру ережесі енгізілді. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда қосымша нүкте жаяу жүргіншілерге арналған жеке шам пайда болды. 
"Қозғалыс кезінде жаңа тетік іске қосылғанда қиылыста тек жаяу жүргіншілер ғана жүреді. Төрт тараптан да көлік қозғалысы тоқтайды. Алматы үшін бұл - үлкен жаңалық. Егер, бастама жақсы нәтиже берсе, мұндай қондырғылар қаланың басқа да, адам көп шоғырланған қиылыстарына орнатылады", - деді қалалық ІІД басқарма басшысының орынбасары Жандос Мұратәлиев. 

Енді Тимирязев көшесімен шығысқа қарай бағытта Әуезов көшесіне солға бұрылуға болмайды. Көшедегі көлік қозғалысын ұйымдастырудың жаңа ережесі Әуезов көшесінің бойында көрсетілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!