Таразда 1 желтоқсан күні дүниеге келген нәрестелерді құттықтады

Фотография - Таразда 1 желтоқсан күні дүниеге келген нәрестелерді құттықтады

Іс-шара мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту, Елбасы Жолдауына қолдау болып табылады

522 0

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсан күні Тараз қалалық перинаталдық орталығында дүниеге келген нәрестелерді үкіметтік емес ұйымдардың құттықтау акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты  - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өту, Елбасы Жолдауына қолдау білдіріп халық арасында патриоттық рухын көтеру.

Аталмыш акцияға «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Дастан Исламбек Дастанұлы,  "Жастар - зерттеу", "Зиялы заман",  "Амазонка" қоғамдық бірлестіктердің төрайымдары - Мамедова Парида Иманжанқызы,  Әлім Майра, Сарьян Анжелика және перинаталдық орталықтың медициналық қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Акция барысында туылған нәрестелер мен олардың аналарын құттықтап, сыйлықтар табысталды.

Акцияға барлығы 20 адам қатысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!