Алматыда Өнер мұражайына Назарбаевтың бюсті қойылды

Фотография - Алматыда Өнер мұражайына Назарбаевтың бюсті қойылды

Тұңғыш Президент күніне мүсіншілер де тарту жасады

194 0

Тұңғыш Президент күніне мүсіншілер де тарту жасады. Әбілхан Қастеев атындағы Қазақ өнер мұражайында Нұрсұлтан Назарбаевтың бюсті қойылды. Оның авторы әйгілі тас шебері – Өмірзақ Шанов.  

Мүсінші бұл жұмысына 2 жыл уақытын сарп етіпті. Бюстің биіктігі 70 см-ді құрайды. Салмағы – 15 келі. Таза қоладан құйылған, астына мәр-мәр тас төселген. Шебер – Өмірзақ Шанов осылайша қазақ мүсіншілері атынан Елбасына ерекше тару әзірлеген. Образын батыр ретінде, яғни Қазақстан Республикасы әскери күштерінің Бас қолбасшысы етіп шығарған.

"Бұл жұмысты қоламен құюға бірнеше жылым кетті. Сөйтіп, таяуда ғана бітірген едім. Енді міне, бүгінгі мерекеге арнап осында әкеліп тұрмын. Президентке жасаған тартуым болсын деген ниетпен. Жалпы мүсіншілер атынан сыйым",- деді мүсінші Өмірзақ ШАНОВ.

Қоладан құйылған Президент бюстін көруге ниеттілер болса, Өнер мұражайының есігі ашық. Мұнда 4 желтоқсанда ескерткіштің салтанатты түрде тұсауы кесілмек. 


almaty.tv



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!