ҚР Тұңғыш Президенті күні Астанада 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

Фотография - ҚР Тұңғыш Президенті күні Астанада 70-ке жуық нәресте дүниеге келді

Астанада 1 желтоқсанда 67 нәресте, соның ішінде 30 ұл және 37 қыз (оның екеуі егіз) дүниеге келді.

281 0

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні дүниеге келген нәрестелерге құрмет көрсету игі дәстүрге айналған. Сонымен, Астанада 1 желтоқсанда 67 нәресте, соның ішінде 30 ұл және 37 қыз (оның екеуі егіз) дүниеге келді, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай сәбилерге сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, жаңа туған нәрестелерге арналған балалар костюмдері мен жас аналардың балаға дұрыс күтім жасауына, емізуден бастап одан әрі дамуын қадағалауға көмек беретін ата-аналарға арналған "Қуан, сәби" оқу құралы берілді.

Айта кетейік, елорданың перинаталдық орталықтарында күн сайын орта есеппен 65-70 сәби дүние есігін ашады. Жыл басынан бері қала халқының жалпы туу көрсеткіші 4%-ға өсті, мың адамға шаққанда 29,78-ді құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!