Оралдағы коммуналдық базардың орнына индустриялық парк салынады

Фотография - Оралдағы коммуналдық базардың орнына индустриялық парк салынады

"Ел ырысы" базары 15 жыл қатарынан жұмыс істеп келген.

231 0

Оралдағы "Ел ырысы" коммуналдық базарының орнына индустриялық парк құру жоспарланып отыр. Парк ет өнімдерін шығаруға мамандандырылады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Орал" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының айтуынша, "Ел ырысы" базары 15 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. 2011 жылы базар ӘКК теңгеріміне өткен болатын. Сол жылы жарғылық капиталға қатысу бөлігінің 50,1%-ы саудаға шығарылды. Ол кездегі үлес 200 млн теңгені құраған. Бірақ, сатып алушылар табылмады. 2014 жылы капитал 75 млн теңгеге дейін азайтылып, тағы да саудаға шығарылды. Бірақ, бұл жолы да сатып аламын деушілер болмады.

"Қазір "Ел ырысы" көтерме-бөлшек ауыл шаруашылығы тауарлар базары" ЖШС таратылып жатыр. Дегенмен, мүліктік кешен "Орал" ӘКК балансында тұр", - дейді "Орал" ӘКК басқармасының төрағасы Ержан Балтаев.

"Орал" ӘКК хабарлауынша, "Ел ырысы" базарында жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

"Жаңадан көлік тұрақтарын салып жатырмыз. Базарда индустриялық парк құрамыз деген жоспар бар. Ет өндірісімен айналысатын бірнеше шағын цех ашылады", - дейді Е.Балтаев.


Тегтер:

парк базар Орал

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!