Есіл өзенінің жағасынан 807 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Фотография - Есіл өзенінің жағасынан 807 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Су айдынын тазарту жұмыстарына 98 адам мен 7 арнайы техника, 8 қайық тартылды

355 0

Астанада Есіл өзенінің айдынын тазарту және қамыстарды шабу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының соңынан осы күнге дейін өзен арнасынан және жағасынан 807 тоннадан астам қоқыс жиналды. Су айдынын тазарту жұмыстарына 98 адам мен 7 арнайы техника, 8 қайық тартылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Бұдан басқа, волонтерлар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен Есіл өзенінің жағалауын және оның тармақтарының аумағын жинау бойынша экологиялық акциялар өткізілді.

"Есіл-Астана" кәсіпорны өзенде жүзу учаскесін қауіпсіз пайдалану үшін Астана қаласының шекарасында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда, ұзындығы 9,4 км кеме жолына навигациялық белгілер қойылды, іздеу және тереңдікті өлшеу жұмыстары орындалды. Биыл тереңдікті өлшеу жұмыстарының жалпы көлемі 6 494 м3 құрады



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!