Астанада 35 жер учаскесі аукцион арқылы сатылды

Фотография - Астанада 35 жер учаскесі аукцион арқылы сатылды

Қалған 29 учаске алдағы уақытта қайта сатылатын болады

318 0

Бүгінгі таңда Астанада бес аукцион өткізіліп, 64 жер учаскесі сатылымға шығарылды, соның ішінде жалпы құны 441,2 млн. теңгені құрайтын 35 жер учаскесі өткізілді. Қалған 29 учаске алдағы уақытта қайта сатылатын болады. Келесі аукцион 9 желтоқсанда өтпек, онда 15 жер учаскесі сатылымға шығарылады,- деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының хабарлауынша, қалада 5,9 мың га жуық жер жалға берілген, соның ішінде жалпы ауданы 4,2 мың га құрайтын 12 жер учаскесі ауыл шаруашылықпен айналысу, жалпы ауданы 1 мың га 671 жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және т.б. үшін пайдаланылады, жалпы ауданы 0,7 мың га 3049 жер учаскесі елді мекендер болып табылады. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!