Ұлттық ұлан үздіктерін марапаттады

Фотография - Ұлттық ұлан үздіктерін марапаттады

Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген жауынгерлер сайысқа түсті

479 0

Ел қорғау, елге сүйеніш болу қашанда ердің ісі. Қасиетті Отанымызды күзетудің мәні мен мәртебесін, абыройы мен дәрежесін көркем сөздің құдіретімен де айтып жеткізу оңай емес. Ақ қар, көк мұзда, шөл мен аптап ыстықта, аңызық жел мен тулаған боранда елдің тыныштығын қас-қақпай күзетіп, осы жолда бастарын бәйгеге тіккен жандардан артық кімді нағыз азамат, елінің сүйеніші деуге болады. Сондықтан ұландық айрықша құрметті мамандықтың иесі деген сөз.

Жауынгерлік-қызметтік міндеттерінің сапасын көтеріп, оны одан әрі жетілдіру, Ұлттық ұлан офицерлерінің командирлік даярлықтарының деңгейін жоғарылату және батальон буынындағы лауазымды тұлғалардың өздерінің кәсіптік шеберліктері мен озық тәжірибелерімен мақсатында үстіміздегі жылдың 3-5 желтоқсаны аралығында 5571 әскери бөлімінің базасында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында "Үздік батальон командирі", «Батальон командирінің үздік орынбасары", "Батальонның үздік штаб бастығы" атты байқау-сайысының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Баспасөз қызметі

 Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ат терлетіп келген олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасты. Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар дене дайындығы, яғни 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу, 3 шақырым қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерден сынақ тапсырды. Сондай-ақ, екінші күні Макаров тапаншасынан атыс жаттығуын орындау сайысынан құралайды көзге атқан ұландықтар жарысты қорытындылады.

Байқау-сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 5571 әскери бөлімінің клубында марапатталды. "Үздік батальон командирі" болып - Кұрмет Зарипов танылса, "Батальонның үздік штаб бастығы" атағын Кирилл Полянский жеңіп алды. Ал тәлімгерлердің арасындағы «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі үздік орынбасары» атағына Саламат Әмірханов қол жеткізді.

"Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек. Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек", -демекші, арамызда ел сүйсінер ісімен көпке үлгі болып жүрген ақ маңдайлы азаматтарымыз Ұлттық ұлан қатарында баршылық. Олар атқарған қызметімен, төккен терлерімен Отанға адалдық танытып келеді. Бір тілеріміз, көк аспанымызға бұлт үйірілмей, олар жинаған тәжірбиесін тек бейбіт күндері осындай сайыстарда ғана қолдансын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!