Жолбарыс пен ешкінің достығы күн санап нығая түсуде

Фотография - Жолбарыс пен ешкінің достығы күн санап нығая түсуде

Амурлық жолбарысқа ешкіні тамақ ретінде жіберген саябақ қызметкерлері бұл ғажайыпқа куә болғанда, таңданыстарында шек болмаған.

334 0

 Приморьедегі сафари-саябақты мекен ететін Амур атты жолбарыс пен Тимур атты ешкінің қалайша "тіл табысып", жақын досқа айналғаны көпшілікке әлі де жұмбақ, дейді сафари-саябақтың директоры Дмитрий Мезенцев.

Амурлық жолбарысқа ешкіні тамақ ретінде жіберген саябақ қызметкерлері бұл ғажайыпқа куә болғанда, таңданыстарында шек болмаған. Көзіне түскеннің бәрін олжа көретін жыртқыш бұл жолы Тимурдан "сескенді ме", жоқ әлде ешкінің батылдығына риза болды ма, әйтеуір оны тірі қалдырған. Тіпті ешкіге "жатын бөлмесін" де босатып беріп, өзі шатырға "көшіпті", деп жазады РИА Новости.

"Қазір Амур жаңа ермек тапты. Тимурға арналған кесек тұзды жалайтын болған. Жолбарыстың тұзды жақсы көретінін, әрі оны жалайтынын бұрын-соңды естімеген де, көрмеген де едім", - дейді Мезенцев.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!