"Шахтердің" футболшысы Алдин Джидич Боснияда дәмхана ашты

Фотография - "Шахтердің" футболшысы Алдин Джидич Боснияда дәмхана ашты

"Caffee House Paris" деп аталған дәмхананы футболшы өзінің досы, сән бизнесі саласында жұмыс істейтін Кенан Спахичпен бірігіп ашқан екен.

118 0

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының қорғаушысы Алдин Джидич өзінің туған қаласы Зеницада дәмхана ашыпты. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

"Caffee House Paris" деп аталған дәмхананы футболшы өзінің досы, сән бизнесі саласында жұмыс істейтін Кенан Спахичпен бірігіп ашқан екен. Арақ-шарап деген атымен болмайтын жаңа дәмханаға келушілер бұл жерде сапасы жоғары ыстық сусындар мен коктейльдерге және табиғи шырындарға тапсырыс бере алады.

Еске салсақ, босниялық 32 жастағы Алдин Джидич "Шахтер" құрамында кейінгі алты жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол Қазақстан премьер-лигасында 131 матч өткізіп, 14 гол соққан.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!