Павлодарда бұрынғы ядролық полигон аумағына мал жаюға рұқсат берілді

Фотография - Павлодарда бұрынғы ядролық полигон аумағына мал жаюға рұқсат берілді

Павлодар облысы Май ауданында 303 мың 707 мың гектар жерді жарамды деп таныды.

721 0

Ұлттық ядролық орталық ғалымдары ауыл шаруашылығы үшін бұрынғы Семей ядролық сынақ маңайындағы аумақ Павлодар облысы Май ауданында 303 мың 707 мың гектар жерді жарамды деп таныды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Бұл туралы 7 желтоқсанда "Ертіс" баспасөз клубында өткен брифинг барысында Май ауданының әкімі Бегзия Ысқақова мәлім етті. 

- Қазіргі таңда бұрынғы Семей полигоны жерін ауылшаруашылығы айналымына қайтару мәселесі Үкіметте қарастырылды. Бұл мәселенің оң шешім табуы үшін мемлекеттік экологиялық комиссияның қорытындысы керек. Ұлттық ядролық орталық ұсынған мәліметке сүйенсек, су мен топырақ бұл аумақта қауіпсіз әрі пайдалануға жарамды. Біздің шаруалар да осыны күтіп отыр. Бұл жерде кем дегенде 45 отар жайылымын құру жоспарланып отыр, - дейді Б. Ысқақова. 

Аудан басшысының айтуынша, жыл басынан бері Май ауданында 35 жаңа шаруа қожалығы құрылған. 2015 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша олардың саны 130-ға жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілері ауданда 36 пайызға артқан.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!