Алматыда тұманнан 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды

Фотография - Алматыда тұманнан 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып тұр. Бүгін қалың тұман салдарынан Алматыда 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды.

2119 0

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылып тұр. Бүгін қалың тұман салдарынан Алматыда 9 әуе рейсі кешігіп, 16 рейс тоқтатылды.

Атап айтқанда, Алматыдан Бішкекке, Үрімжіге қарай ұшатын рейстер кешігіп жатыр. Сондай-ақ Алматыға Қызылордадан, Лондон, Үрімжі, Франкфурт, Бейжің, Бангкок, Дубайдан келетін ұшақтар уақыты кейінге қалдырылды. Салдарынан жолаушылар рейстерін 30 минуттан 7 сағатқа дейін күтуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады. Ал Қазгидрометтің мәліметі бойынша, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты бірқатар облыста ауа райының тұрақсыздығы бүгін де сақталады. Қар жауып, жер-жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Төтенше жағдайлар комитетінің мәлімдеуінше, көктайғаққа байланысты бүгін таңертең Қостанайдан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылған.


baq.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!