Шымкенттіктер шоколад мұражайындағы экспонаттарға тап берді

Фотография - Шымкенттіктер шоколад мұражайындағы экспонаттарға тап берді

Мұражай қызметкерлері жәдігерге тиісуге болмайтынын ескерткеніне қарамастан, кей қонақтар өзіне ие бола алмай қалған.

159 0

Шымкентте танымал "Николя" шоколад мұражайының қонақтары шоколадтан жасалған кей жәдігерлерді жеп қойды. Ал кейбірі шетін кеміріп кеткен. Бұл туралы "31 арнаға" сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Мұражай қызметкерлері жәдігерге тиісуге болмайтынын ескерткеніне қарамастан, кей қонақтар өзіне ие бола алмай қалған.

"Бізге ақ шоколадтан жасалған рояльді үш рет ауыстыруға тура келді. Себебі оны қайта-қайта шетінен жеп кетіп отырған. Жәдігерлерді өзімен алып кеткендер де табылды. Бірнеше шоколадтан жасалған ыдыстар жоғалып кетті", – дейді мұражай ұйымдастырушысы Виктория Стибло.

Мұражайда сәулет туындыларынан бастап, суық қаруға дейінгі заттардың шоколадты үлгілері қойылған. Барлық жәдігерлер жеуге жарамды. Николай Поповтың танымал шоколад көрмесі бүгінде әлемнің 40 елінде қойылған. Оны жарты миллионға жуық адам тамашалап үлгерді.

Шымкент – мұражайды тамашалауға мүмкіндік алған Алматыдан кейінгі Қазақстанның екінші қаласы. Бұл жайттардан кейін жәдігерлер Қазақстанда ел назарына салынған соңғы қала атануы да ғажап емес. Дегенмен мүсінші желініп қалған жәдігерлері үшін қатты ренжи қоймағанын және бәрін өзі қалпына келтіретінін алға тартты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!