Ұлттық ұлан өзара үздіктерді анықтауда

Фотография - Ұлттық ұлан өзара үздіктерді анықтауда

Сайысқа Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бөлімшелерден де қатысушылар бар

1489 0

Жауынгерлік-қызметтік міндеттерінің сапасын көтеріп, оны одан әрі жетілдіру, Ұлттық ұлан офицерлерінің командирлік даярлықтарының деңгейін жоғарылату және батальон буынындағы лауазымды тұлғалардың өздерінің кәсіптік шеберліктері мен озық тәжірибелерімен мақсатында үстіміздегі жылдың 3-5 желтоқсаны аралығында 5571 әскери бөлімінің базасында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында "Үздік батальон командирі", "Батальон командирінің үздік орынбасары", "Батальонның үздік штаб бастығы" атты байқау-сайысының екінші кезеңі аяқталды. Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ат терлетіп келген олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасты. Сондай-ақ, сайысқа қатысушылар дене дайындығы, яғни 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу, 3 шақырым қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерден сынақ тапсырды. Сондай-ақ, екінші күні Макаров тапаншасынан атыс жаттығуын орындау сайысынан құралайды көзге атқан ұландықтар жарысты қорытындылады.


Байқау-сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар 5571 әскери бөлімінің клубында марапатталды. "Үздік батальон командирі" болып - Кұрмет Зарипов танылса, "Батальонның үздік штаб бастығы" атағын Кирилл Полянский жеңіп алды. Ал тәлімгерлердің арасындағы "Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі үздік орынбасары" атағына Саламат Әмірханов қол жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!