Алматыда жас сарбаздарды шығарып салу шарасы өтті

Фотография - Алматыда жас сарбаздарды шығарып салу шарасы өтті

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагерлері қатысты

386 0

2015 жылғы 09 желтоқсан күні сағат 10.00-де Алматы қалалық ҚІБ-нің құрамдау пунктінің саптық алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының қатарына әскерге шақырушылардың алғашқы тобын жіберуге арналған салтанатты іс-шара болып өтті.

Кездесудің басты мақсаты әскерге шақырушылардың жүректерінде Отан қорғауға деген патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы борышын адал өткеріп келуге жігерлендіру болып табылды.

Іс-шара барысында келісімшарт және мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін жинақтау басқармасы бөлімінің бастығы Г.Б. Шүменбаев, Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары О.Б. Айтқазин баяндама жасады.


Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагерлері Комаров Иван Петрович және Фалиев Иван Дмитриевич қатысып, кейінгі буын сарбаздарға өздерінің әскери жолдарында жүріп өткен тарихи тағдырларымен бөлісіп, оларға жүрекжарды тілектерін арнады. Бұдан бөлек іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бектұрсынов Нұрбай Кеңесұлы, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскерге шақырушыларды зерделеу жөніндегі аға офицері Берікбосынов Алтай Жамалбекұлы қатысты.

Іс-шара 5571 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен өтті және әскерге шақырушыларға арналған концерттік бағдарлама ұласты.


Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қобасшылығының Баспасөз қызметі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!