Бүгін елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Фотография - Бүгін елордада 72 жас отбасы баспаналы болды

Жас отбасыларға баспана кілтін қала әкімі Әділбек Жақсыбеков тапсырды

640 0

Бүгін Елордада Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 72 жас отбасы пәтерлі болды. Оларды Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков құттықтап, пәтер кілтін табыстады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сауты. 

"Бүгін ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында 72 жас отбасы пәтер кілтіне ие болуда. Жас отбасылрға арналған тұрғын үй құрылысының жаңа бағыты тікелей Елбасының тапсырмасымен әзірленді. Мемлекет бұл мәселеге әрқашан көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетіп келеді. Сіздерді бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Үйлеріңіз береке мен қуанышқа тола берсін. Қоныс құтты болсын!", - деді Ә.Жақсыбеков.

Пәтерлі болған жас отбасылардың қуанышында шек жоқ. Соның бірі астаналық Манаповтар отбасы осындай мемлекеттік бағдарламаға қатысып, пәтерге қол жеткізуге мүмкіндік берген қала әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.

"Біздің екі баламыз бар. Қазір 28 жастамыз. Бұл бағдарлама 29 жасқа дейінгі жас отбасыларға арналған. Екі бөлмелі пәтерге «Қолжетімді баспана» бағдарламасы аясында қолымыз жетіп отыр. Біз бір жыл күттік, жыл бойына ақша салдық. Жалпы үйдің бағасы - 6 млн 522 мың тұрады. Біз енді сегіз жыл бойына 34 мыңнан төлейтін боламыз. Одан кейін келісім шартта көрсетілгендей он бес жылға дейін аз көлемде төлеп отырамыз. Бүгін өте қуаныштымыз. Жастарға қолдау көрсетіп, осындай бағадарламаларды жүзеге асырып отырған мемлекетке, қала әкімшілігіне алғысымыз шексіз", - деді отбасының отанасы Манапова Гүлжан.

Айта кетейік, соңғы жылдары әлеуметтік бағдарламалар бойынша 4,5 мың астаналық баспаналы болды. 2014 жылы елордада жас отбасыларға арналған тұрғын үй бағыты бойынша 672 пәтербөлінді. Бүгінде 211 отбасы үйлеріне көшсе, 72 отбасы енді өз қоныстарын тойлайтын боады.

Ал, жас отбасыларға арналған қалған 389 пәтер тұрғын үй комиссиясының алдағы отырысында берілетін болады.

Жалпы, Өңірлерді дамыту бағдарламасы - 2020 аясында тұрғын үй өткізудің негізгі бес бағыты қарастырылған. Соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы да бар. Аталған жоба аясында 3500 отбасы жаңа үйге көшірілетін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!