Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты

Фотография - Астана әкімі жаңа балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты

Ғимарат бір-бірімен галерея арқылы байланысатын 6 корпустан тұрады

320 0

9 желтоқсанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасын ашты. Мекеме жаңа әрі халықаралық стандарттарға сай қондырғылармен жабдықталған. Аурухана құрылысы "100 мектеп, 100 аурухана" жобасы аясында жүргізілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ғимарат бір-бірімен галерея арқылы байланысатын 6 корпустан тұрады. Науқастарды қабылдау үшін сегіз қабылдау-қарау мельцер боксы жасалған, олардың әрқайсысына кіретін жеке жол бар. Бас ғимараттың кіре берісінде бейнекездесулер бөлмесі орналасқан. Осылайша, науқастар өз палатасында жатып туыстарымен көрісіп, сөйлесе алады. Ә. Жақсыбеков аталған жүйені бірінші болып сынақтан өткізді.

Жаңа аурухананың бірнеше бөлімін қарағаннан кейін әкім медициналық персонал ұжымымен әңгімелесіп, денсаулық сақтау қызметкеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтіп, оларға еңбектері үшін алғысын білдірді.

"Бұл қаладағы үздік ауруханалардың бірі, мұнда заманауи технологиялар мен медицинадағы жетістіктер үйлесім тапқан. Мекеменің ашылуымен қалада кереует орындар тапшылығы шешіледі, көлемі кеңейтіліп, балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі артады. Бұл Мемлекет басшысының жеке қолдауының арқасында мүмкін болды", - деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы экономикалық жағдайға қарамастан әлеуметтік нысандар құрылысы тоқтатылмайтынын атап өтті.

Биыл Астанада төрт денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді – қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, амбулаториялық-емхана кешені, БМСК орталығы, онкодиспансерге жапсарлас салынған ғимарат. Жыл соңына дейін медициналық-санитарлық оңалту орталығы салынып бітеді. Келесі жылы тағы да төрт заманауи медициналық мекеменің құрылысын аяқтау және жалғастыру жоспарланған. Олар қаланың сұраныс болған аудандарында салынады.

Әкімнің сөзіне қарағанда, бүгінде Астанада әрбір қала тұрғыны уақытылы және сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

 Жаңа қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы туралы ақпарат:

Аурухананың жалпы ауданы 60070,49 шаршы метр, соның ішінде жеке тұрған ғимараттар мен құрылыстардың ауданы – 1606,05 шаршы метр.

Емдеу блогы үш блоктан тұрады, олардың әрқайсысында 48 бокс бар. Жалпы, стационар бойынша 144 бокс - 44 бір орындық және 98 екі орындық. Ауруханада 9 клиникалық бөлім, соның ішінде жансақтау және үш параклиникалық бөлім ашылды. Жаңа ауруханада жаңа бөлімдер де ашылады, атап айтқанда, гепатит, зоонозды инфекциялар, нейроинфекциялар, иммунологиялық зертхана.

Жансақтау және қарқынды теапия бөлімдері барлық жастағы балаларға арналған қазіргі заманғы тыныс алу аппараттарымен, салмағы төмен балаларға арналған инкубаторлармен, көліктік кювезбен, экстракорпоралды детоксикация аппаратымен жабдықталған. Барлық палаталар асептикалық, желдеткіші автономды және қысымы теріс таза бөлмелер кешені болып табылады. Бөлім вирустық, ауа-тамшы және ішек инфекциялары блоктарынан тұрады.

Жаңа қондырғылармен жабдықталған жеке зертхана диагностикалау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ауруханада тесттер санын екі есеге (бұрын 62 тест жүргізілетін) ұлғайту көзделген. Бұған дейін жылына орта есеппен 59 500 зерттеу жүргізілсе, бүгінде екі есеге артық орындау жоспарланған. Клиникалық-диагностикалау зертханасында жүргізілетін талдаулармен қоса, Қазақстанның бірде-бір балалар жұқпалы ауруханасында жоқ қызметтер көрсетілмек. Жаңа аурухананың асханасында тамақтануды ұйымдастырудың көптеген процесі автоматтандырылды. Бұдан басқа, аналар мен балалар мұнда барлық диеталық режимді сақтай отырып, тамақтана алады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!