Қазақстанның ең ішкіш тұрғындары қай аймақта тұратыны анықталды

Фотография - Қазақстанның ең ішкіш тұрғындары қай аймақта тұратыны анықталды

Еліміздің ең ішкілікке салынған өңірі Шығыс Қазақстан облысы екені анықталды.

232 0

Қазақстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "ішкілікке салыну" диагнозымен тіркеуге алынған тұрғындарды санап шықты. Нәтижесінде еліміздің ең ішкілікке салынған өңірі Шығыс Қазақстан облысы екені анықталды.

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Шығыс Қазақстан үлкен айырмашылықпен алдыңғы шепке жайғасты. Бірінші орыннан табылған бұл өңірде 100 000 адамның 1765-і ішімдікке тәуелді болып шыққан.

Екінші орынды Павлодар облысы иеленген. Ал үштікті Ақмола облысы тұйықтап отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, маскүнемдікке салынғандардың орташа жасы – 35-39 жас.

Ал мас тұрғындарға ең кедей өңір Маңғыстау облысы болып шықты. Онда 100 мың адамның тек 324-і ғана ішімдікке тәуелді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!