Қойды жерге атып ұрып, малмен күрескен қазақтың әрекеті жаға ұстатты

Фотография - Қойды жерге атып ұрып, малмен күрескен қазақтың әрекеті жаға ұстатты

Ер кісі тірі малмен жекпе-жекке шыққанды абырой санайтын көрінеді.

246 0

Жақында YouTube әлеуметтік желісінде қойды әзіл үшін азаптаған қазақтың видеосы жарияланды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Желіде жүктелген видеодан жігіт өзін палуан санап, жекпе-жекке адамды емес, малды қарсылас еткенін байқауға болады. Қорғансыз қойды әрі-бері жұлқыған ол, тіпті оның үстіне секіріп, қорлаудан да тайынбаған.

Ал түсіріп тұрған өзге жігіттер ер кісіні тоқтатудың орнына, күлкіге басып, қолпаштап тұр.


Айта кетерлігі, бұл жануарды азаптауды әзіл көретіндердің жұрт жағасын ұстатқан алғашқы жағдайы емес. Бұған дейін жас жігіттің есекті қалай мазақ еткені жайлы бейне пайда болып, көпшілікті дүрліктірген болатын.

Онда өз күшін сынап көрген жас жігіт бірнеше рет жануарды жерге алып ұрады. Сонымен бірге видеоға түсіріп тұрған адам "Ұста, ұста, давай, эй. Күрес, күрес, қазақша күрес" деп одан сайын айдап салады. Осындай қорлықтан кейін жануардың аман қалған-қалмағаны белгісіз.


Тегтер:

YouTube мал

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!