Алматыда көктайғақ: таңнан бері 80 жол апаты орын алды

Фотография - Алматыда көктайғақ: таңнан бері 80 жол апаты орын алды

Толассыз жауған қар Алматы тұрғындарын әбігерге салды

228 0

Алматыда көктайғақ салдарынан таңнан бері 80 жол апаты болды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек айтты. 

"Көктайғақтың салдарынан жол апатының саны күрт өсіп отыр. Түнгі сағат 12-ден бері жарты тәулік ішінде 80 жол апаты болған. Жолаушылар аздап қана жараланған. Адам өлімі орын алған жоқ", - деді С.Әзірбек. 


Естеріңізге сала кетейік, Алматы ТЖД "Қазгидромет" болжамына сүйене отырып, дауылды ескерту жариялаған болатын.


Алматыда таңғы сағат 4:30-дан бастап жауған қардың қалыңдығы таулы аймақтарда 25 см-ге дейін жетті. Қалың қарды тазалауға қаланың барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды. Бұл жұмысқа 608 техника мен 112 құмсепкіш техника тартылды. 785 жұмысшы қар тазалау жұмыстарына кірісті. 


Бүгін Алматы көшелеріндегі көктайғақтың алдын алу үшін 3669 тонна құмды-хлоридті ұнтақ пен 91 тонна техникалық тұз себілді, деп жазды ҚазАқпарат.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!