Алматыда танымал жұлдыздар көше тазалауға шықты

Фотография - Алматыда танымал жұлдыздар көше тазалауға шықты

Сонымен бірге жұлдыздар жұмыс арасында суреттерін Instagram парақшасына салып отырды.

1029 0

Қазақстан эстарадасының жұлдыздары Алматы көшелердін қоқыстан тазартуға қатысты деп жазады Today.kz "Тәртіп" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Қолдарына күрек пен сібірткі ұстап, үстілеріне сары кеудешелер киген Бүркіт, Абай Бегей, Талғат Жорабаев, Заир Бегалы, актер Дәулет Әбдіғаппаров, Alash Pride клубының қатысушысы, спортсмен Қайрат Ахметов, Дауыс international мен Индиго топтарының қыздары Жетісу ауданындағы белгіленген орында тасталмаған қоқысты тазартты.

Сонымен бірге жұлдыздар жұмыс арасында суреттерін Instagram парақшасына салып отырды.

Осылайша, танымал адамдар "Қала тазалығын сақтағың келсе – өзіңнен баста!" акциясына өз үлестерін қосқан. Мұның алдында Алматы көшелерін тазалауға Айжан Нұрмағамбетова, Нұрлан Албан, Анель Аринова мен Мұрат Мұтұрғанов және өзге отандық жұлдыздар шыққан екен.

"Тәртіп" қалалық коммуналдық кәсіпорны жұлдыздардың көше тазалауға әр бейсенбіде шығатынын мәлімдеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!