Қоғамдық көліктердегі билетсіз жолаушыларға 11 қаңтарға дейін айыппұл салынбайды

Фотография - Қоғамдық көліктердегі билетсіз жолаушыларға 11 қаңтарға дейін айыппұл салынбайды

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жасалмайды.

273 0

2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап Алматыдағы қоғамдық көліктерде қолма-қол төлем жасалмайды.

Ал жол жүру билеттері тек 1 қаңтарға дейін жарамды. Дегенмен "Оңайдың" ревизиялық қызметі 11 қаңтарға дейін билетсіз жолаушыларға айыппұл салмайды. Мешін жылының алғашқы он күндігінде қоғамдық көлікпен жүретін азаматтар "Оңай" картасын сатып алып, жол ақысын сол арқылы төлеуі тиіс. Күн сайын қалада 377 тексеруші 119 бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Оларды жалған тексерушілерден ажырату қиын емес. Бақылау-ревизиялық қызметінің мамандары "Оңай" деген жазуы бар арнайы кеудешемен жүреді. Сондай-ақ жолақысын төлегенін тексеретін терминалдары болады. Әзірге билетсіз жүрген жолаушылар тек ескертумен шектеледі.

 Болат Жұмағалиев, Алматы қалалық көлік холдингінің бақылау-тексеру қызметінің жетекшісі:
- 11-інен кейін билетсіз жүрген жолаушылардың бәрін қатаң түрде 622-баппен, Әкімшілік тәртіп бұзу кодексімен жауапқа тартамыз. Арнайы полиция арқылы.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!