Жақсылық Үшкеміров өз қаржысына жатахана мен балабақша ашты

Фотография - Жақсылық Үшкеміров өз қаржысына жатахана мен балабақша ашты

Салтанатты жиынға ауыл тұрғындарымен қатар аудан, облыс басшылары, өнер, білім, спорт майталмандары қатысты

857 0

Бүгін грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров Алматы облысындағы Мыңбаев ауылында өз қаржысына балабақша мен жатақхана ашты, деп хабарлады Baq.kz.

"Ұрпағымыздың Ұлы елдің ұланы, азат елдің ақиығы атануына жол ашу аға ұрпақтың міндеті деп білемін. Сондықтан, ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен аса қасиетті Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында өз қаржыммен балабақша мен жатахана ашып отырмын", – деді Ж.Үшкемпіров. 
Салтанатты жиынға ауыл тұрғындарымен қатар аудан, облыс басшылары, өнер, білім, спорт майталмандары қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының халық әртісі, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты – Асанәлі Әшімов, Қазақстан Республикасының еңбек ері – Аягүл Миразова, "Олимпиадалық дайындық орталығы" РМК директоры, Әуесқой бокс федерациясының тұңғыш вице-президенті, Қазақстанның сан мәрте чемпионы – Ермахан Ыбырайымов, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының 2 дүрлі чемпионы, Халықаралық дәрежелі спорт шебері – Әсет Иманбаев, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері – Нұрбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен əлем чемпионатының қола жүлдегері – Ермек Көкетов, әйелдер арасында еркін, грек-рим күресінің вице-президенті, Еркін күрестен спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алтай Санабаев бар.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!