Алматыда Тәуелсіздік күніне орай студенттер арасында мини-футболдан кездесу өтті

Фотография - Алматыда Тәуелсіздік күніне орай студенттер арасында мини-футболдан кездесу өтті

Кездесуді Қазақ спорт және туризм академиясы ұйымдастырды

548 0

2015 жылғы 12 желтоқсанда Алматыда студенттер командалары арасында Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай мини-футболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесуді Қазақ спорт және туризм академиясы ұйымдастырды, деп хабарлайды Қазақ СТА баспасөз қызметі

Елбасының халыққа Жолдауындағы және халықтың 30 пайызын дене шынықтырумен айналысуға тарту туралы тапсырмаларын орындау, Қазақстанда футзалды насихаттау және дамыту, ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мини-футболдан Азия чемпионатына лайықты командаларды іріктеу мақсатында Қазақ спорт және туризм академиясы мен Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің («Достық» командасы, Шымкент қ.) арасында мини-футболдан матчтық кездесу ұйымдастырылды.

Командалардың кездесуіне Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Аслан Саринжипов қатысты.

«Жастар арасындағы, оның ішінде студент жастар арасындағы спорт елімізде кеңінен дамуда. Мемлекет те бұл бағытқа көп қолдау көрсетуде. Ұлттық студенттер лигасы құрамында бүгінде 36 команда бар. Студенттер лигас үлкен қозғалысқа айналып отыр» деді министр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!