Тамақ ұрлайтын бас дәрігердің қызметінен кетуін талап етті

Фотография - Тамақ ұрлайтын бас дәрігердің қызметінен кетуін талап етті

Аузына келгенін айтатын басшы балаларға арналған асты да үнемдеп, сорпаны сылдыр су қылып жіберді дейді наразы топ.

401 0

Оңтүстік Қазақстанда балаларға арналған туберкулезге қарсы шипажай қызметкерлері жаппай бас дәрігерге қарсы шықты. Кентаудағы мекемеге келгеніне жарты жылдан енді асқан Алма Давитова қоластындағыларымен дөрекі сөйлесіп, адам құрлы көрмейді екен.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Аузына келгенін айтатын басшы балаларға арналған асты да үнемдеп, сорпаны сылдыр су қылып жіберді дейді наразы топ. Тек, дәрігердің өзі бұның бәрін жалған деп, біреулердің арандатушылығы санайды.
Жылауға шақ тұрған бұл әйелдер Кентаудағы балаларға арналған туберкулезге қарсы "Жансая" шипажайының қызметкерлері. Жарты жыл бұрын мекемеге басшы болып келген Алма Давитова оларға күн көрсетпейді екен. Тіпті артық адамды жұмысқа алып, жалақыдан тарықтырып қойыпты.
"Мысалы медбикелермен тазалаушылардың айлығы азайды. Тазалаушылар 50-55 мың алып жүрсе, қазір 38-42 мың сондай алады. 32 мың алатындар да бар екен", – дейді шипажайдың бөлім меңгерушісі Айнұр Әбілпасова.
Ақшаны қойғанда емделуші балалардан ұят болды дейді. Себебі, басшы ауысқалы пациенттерге берілетін ет, қаймақ тіпті нанның да нормасы төмендепті. Есесіне, бас дәрігер туыстарымен бірге келіп тамақтанып, асханадағы азық-түлікті дорбалап тасиды дейді қызметкерлер.
"Күніге осы жерден түскі ас , кешкі ас осы жерден. Тамақты да сенбі күні пакетпен алып кетеді. Талай көзімізбен көрдік. Аспаз, хатшы да нан, таза еттерді пакетке салып әкеткенін көреміз.
Балалардың тамақтану жайын емделушілердің өзінен сұрап көрдік. Балалар "қарнымыз тоймайды" деп ағынан жарылған. Тек, камераға сөйлер кезде бас дәрігер балалардың аузын жабумен әлек болды.
Емделушілерді сөйлетпеген бас дәрігер дәлізге шыға бере өзін күтіп тұрған ұжыммен тағы жанжалдасып қалды. Кабинетіне қашып кіргендей болған бас дәрігер кейін қоластындағылардың айтқандарын жоққа шығарды. Дөрекілік табиғатыма жат деген ол бұны өзіне қарсы ұйымдастырылған жала деп отыр.
"Жала жабу әрине, жала жабу. Өйткені мен тамаққа менің тарапымнан бақылау болғанымен ол жерде өзінің әрқайсының маманы бар. Тамақтың дозасын есептейтін, күнделікті мәзірді құрастыратын мамандар бар", – дейді шипажайдың бас дәрігері Алма Давитова.
Шипажайға сәуір айында ғана бас дәрігерлікке тағайындалған Алма Давитова бұған дейін Кентаудағы емхананың бірінде басшылық қызмет атқарған. Ол кезде де ұжымның қарсылығымен жұмыстан кетті. Енді шипажай қызметкерлері министрлік пен прокуратураға шағым түсіріп, комиссия Давитова ханымның 2 млн теңгеден астам қаржылық қитұрқыға барғанын анықтапты.
Енді туберкулезге қарсы шипажайдың басшысымен жемқорлыққа қарсы департамент мамандары айналысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!