М. Тынышпаев атындағы академияда мерекелік шаралар өтіп жатыр

Фотография - М. Тынышпаев атындағы академияда мерекелік шаралар өтіп жатыр

Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппартынан мәлімдеді.

665 0

Бүгін М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының акт залында Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің аппартынан мәлімдеді.

Аталмыш іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары, аудандық құрылымдардың басшылары, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт салаларының қызметкерлері, бизнес, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Шара барысында аудан әкімі мереке күні елімізге еңбегі сіңген азаматтарды алғыс хаттармен марапаттайды. Іс-шарада Алмалы ауданының жас жұлдыздары мен халықаралық конкурстардың лауреаттары өз өнерлерін көрсетеді, - делінген баспасөз хабарламасында.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!