Студент қыз Айзада Авлотарованы табуға септігін тигізген ұландықтар марапатталды

Фотография - Студент қыз Айзада Авлотарованы табуға септігін тигізген ұландықтар марапатталды

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай Ұлттық ұлан мерекелік шаралар өткізді

588 0

Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. Біз, бұл жетістігімізге ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі сондай-ақ, елім деген есіл ерлердің ерен ерліктері арқасында қол жеткіздік, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскери қызметшілері өздерінің Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқара жүріп, мемлекетіміздің егемендігінің нығаюы жолына қыруар үлес қосуда. Тәуліктің кез келген уақытында қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сонымен қатар аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау бойынша жауынгерлік міндеттерді орындап жүр. Соның арқасында ұландықтар Күштер құрылымдарында өздерінің лайықты орындары мен бағасын алуда.

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында, яғни 14 желтоқсан күні Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің клубында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара болып өтті, іс-шара барысында қызмет бабында көзге түсіп ерекшеленген әскери қызметшілер грамоталармен марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Атап өтерлігі, оның ішінде Іле ауданы Жетіген кентінен шығып бара жатып жоғалып кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарованы табуға үлкен септігін тигізген әскери қызметшілер де бар. Оларға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Ә.Серәлиев ерекше құрмет көрсетіп, қатардағы жауынгерлер Нұржан Тілеухан мен Бибол Бинұровқа туған жеріне кезектен тыс 10 күн демалыс жарияласа, «Зерон» атты итпен жұмыс жасайтын кинолог Арман Әлімбетов пен жасақ жетекшісі Руслан Сердалиновты «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» кеуде белгісімен наградтау үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына жеделхат жолдады.

Бұнымен қоса салтанатты іс-шараға Айзада Авлатарованың ағасы Токтиев Руслан Якимович пен сіңлісі Гүлзара арнайы келіп, Айзаданы табуға үлкен көмегін тигізген әскери қызметшілерге үлкен рахметтерін айтты және алғыстарының белгісі ретінде өздерімен бірге ұландықтарға арнап «Ұйғыр биін» ала келді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!