Қарағандыда 56 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Фотография - Қарағандыда 56 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Пәтер кілтін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыс етті

136 0

Тәуелсіздік күні қарсаңында қарағандылық 56 отбасы тұрғын үй құрылыс салымдары бойынша баспаналы болды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

"Біздің елімізде Тәуелсіздік күнін мерекелік шаралармен ғана емес, біздің азаматтарымыздың игілігіне бағытталған нақты істермен атап өтудің жақсы дәстүрі қалыптасқан. Осындай істерге бұл үйдің берілуін де жатқызуға болады. Сол арқылы біз Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың азаматтардың тұрғын жағдайын жақсарту бойынша тапсырмасын орындап отырмыз", - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пәтер кілттерін табыстау рәсімінде.

Ол, сондай-ақ, аймақта ағымдағы жылдың 11 айының ішінде 272,4 мың шаршы метр арендалық және коммерциялық баспана енгізіліп, мыңнан астам отбасы тұрмысқа жайлы пәтерлер алғанын атап өтті.

2015 жылдың қорытындылары бойынша облыста қаржыландырудың барлық көздері арқылы 307,5 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!