Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртаспен Қайрат Рысқұлбековпен салыстыруда

Фотография - Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртаспен Қайрат Рысқұлбековпен салыстыруда

Пікір жазушылар қос Қайраттың еңбегін еш салыстыруға келмейтінін айтып, сөз жарыстырды.

630 0

Қайрат Нұртасты Қайрат Рысқұлбековпен салыстырған суретті әлеуметтік желіге жүктеген әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жұрттың ызасын келтірді. Пікір жазушылар қос Қайраттың еңбегін еш салыстыруға келмейтінін айтып, сөз жарыстырды. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
"Әр адам Қайраттың жетістігін әрқалай қабылдайды. Біреуге ұнағанмен, біреулерге ұнамай жатады, түсінем. Ол заңдылық. Дегенмен осы жұртшылықтың жіберген суретін көріп Қайратқа осындай теңеу бергені менің жүрегімді шымырлата түсті", – деп жазады Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова.
Ары қарай продюсер желтоқсан көтерілісінде Қайрат Рысқұлбеков сынды жастардың қасында болмаса да, көпшіліктің арасында үш күн, үш түн ұйқысыз, жастықтың буымен көпшілікпен бірге бәрін басынан өткергенін баяндайды.
"Сондықтан мен ол Қайратты құрмет тұтамын! "Қазағым" деп жанын берген азамат бәріміздің жадымызда сақталсын! Енді балаларымыздың бір тамшы қаны төгілмесе екен, аналарымыз балаларын жоқтап жыламай, үміт артқан балалары бақытқа жеткізсе екен. Бақытқа толы күндерді Алла бәрімізге нәсіп етсін", – деп ойын аяқтаған Қайраттың анасы.
Гүлзира Айдарбекованың осы пікірінен соң, проюдсердің сөзіне сын тағып, пікір жазушылар көбейіп кетті. Жанкүйерлердің дені қос Қайратты мүлдем салыстыруға келмейтінін түсіндіріп әлек.
"Қайрат Нұртас халықтың арқасында әнші болып, талтаңдап жүрген бала, Рысқұлбеков Қайрат халық үшін қанын төккен. Салыстырмаңыз Гүлзира апай", – деп жазады Бота есімді жазылушы.
"Ренжімеңіз. Қайрат Рысқұлбеков Қазақстанның тәуелсіздік алуына атсалысқан, сол үшін жанын қиған азамат. Аты тарихта қанмен жазылған. Салыстыруға мүлдем болмайды. Барлық қазақстандықтар үлгі тұтады, ұқсағысы келеді, намысты болғысы келеді. Ал Қайрат Нұртас "әнші". Қайрат Нұртасты да ерекше жақсы көретін көрермендер, сүйіп тыңдайтын тыңдармандары бар. Біз оған келісеміз. Бірақ, қазақ халқының Қайраты – Қайрат Рысқұлбеков. Салыстырмаңыз", – деп ойын жеткізді Жұлдыз есімді желі қолданушысы.
Пікір таластырушылардың арасында Қайрат Нұртастың да "тар жол, тайғақ кешуде" елі үшін аянып қалмайтынын жазғандар аз емес.
"Отандастар, жарайды, екі Қайратты салыстыруға келмейді, бірақ, басқа түссе, бұл Қайрат та халқым, елім, жерім деп жанын да, қанын да берері анық. Бәрі бір қазақтың баласы, сыртқа теппейік ағайын. Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер болмас.  Ана ғой шырылдап жүгіріп жүрген, бәрің анадан тудыңдар, бәрің бала болдыңдар, қисық сөзбен қарамайық", – дейді тыңдарман.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!