Ақмола және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталады

Фотография - Ақмола және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталады

Күн райының нашарлауына байланысты жолдарға шектеу қойылған

202 0

Ақмола және Ақтөбе облыстарында көлік қозғалысына қойылған шектеу сақталып отыр, деп хабарлайды "Қазақавтожол" РМК.

18 желтоқсанда Ақмола облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) байланысты 17 желтоқсан күні сағат 20:45-те Екатеринбор-Алматы күре жолында (856-917 шақырымдар), СҚО-ның шекарасынан Жақсы кентіне дейінгі учаскеде көліктің барлық түрлері үшін қойылған шектеу сақталуда.

Сондай-ақ күн райының нашарлауына байланысты Ақтөбе облысындағы Самара-Шымкент (526-719 шақырымдар), БҚО шекарасынан бастап Ақтөбе қаласына дейінгі учаскеде 17 желтоқсан күні сағат 21:30-да қоғамдық және жүк көліктері үшін енгізілген шектеу алынған жоқ. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!