Көлігін сатып алушыларға әйелін тегін беретінін айтып, жарнама берген

Фотография - Көлігін сатып алушыларға әйелін тегін беретінін айтып, жарнама берген

Ерекше жарнама жасаған Шымкент тұрғыны көпшіліктің күлкісіне қалды

983 0

Шымкент тұрғыны көлігін сатып алушыларға әйелін тегін беретінін айтып, жарнама берді. Саудагер жары мен көлігі үшін 209 мың теңге сұрап отыр.
Ерекше жарнама жасаған Шымкент тұрғыны көпшіліктің күлкісіне қалды деп хабарлайды nur.kz.
Ол 1995 жылғы Opel Vectra көлігін сатып алушыларға бонус ретінде жан жарын беретінін жазған. Көлігінің техникалық жағдайын сипаттай келе "только коробкасын ауыстыру керек. Қатынымды да қосып берем" деген.
Көлік сатып алушылар болса, жарнаманы қызу талқылап, көлігімен қатар, көру үшін әйелінің де фотосын жіберуін сұраса, кейбірі "жарыңды алғаным үшін маған ақы төле" деп саудаласып жатыр. Десе де пысықай саудагер 209 мың теңгеге бағалаған көлігі әлі сатылмады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!