Астаналық кәсіпкерлерге көше саудасы үшін 1000 орын ұсынылады

Фотография - Астаналық кәсіпкерлерге көше саудасы үшін 1000 орын ұсынылады

Ертеректе, қала әкімдігі ағымдағы жылы көшедегі сауданы жүзеге асыруға 247 орын бөлген болатын.

433 0

Көшедегі сауданы ұйымдастыру үшін орын тапшылығына қатысты мәселелер жүйелі сипат алып барады. Осыған орай, Астанада кәсіпкерлерге көшедегі сауда үшін 1000 орын ұсынылатын болады. Бұл туралы Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетерлігі, қала әкімдігі ағымдағы жылы көшедегі сауданы жүзеге асыруға 247 орын бөлген болатын. Алайда, кәсіпкерлер ұсынылған орындардың жеткіліксіздігін алға тартқан еді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілерінің көптеген шағымдарынан соң қалалық кәсіпкерлер палатасы аталған мәселені жергілікті орган өкілдерінің қатысуымен өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінде талқылаған болатын. 

"Нәтижесінде Астана қаласы Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту басқармасының өкілдері  "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" компаниясымен бірлесе отырып, көше саудасы нысандарын дамыту үшін арнайы бағдарлама әзірледі. Осыған байланысты, көшедегі сауда үшін кәсіпкерлерге 1000 орын бөлінетіні белгілі болды. Ал ол орындар туралы нақты ақпаратты Астана қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтынан көре алады", - делінген баспасөз баянында.

"Бұл орындар бойынша нақты жері белгіленеді, сосын сауда қызметінің түрі, орындар саны мен нысанның мекенжайы көрсетіледі. Бұл ретте  барлық сауда нүктелері қаланың сәулет келбетіне, барлық санитарлық және өртке қарсы талаптарға сай болуы керек", - дейді Астана қаласы әкімдігі Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.

Ескерте кететін жайт, көше саудаларына мобильді кофейня, жылжымалы автосервис, нан және жеміс-жидек дүңгіршіктері, гүл және кәдесый дүкендері, сондай-ақ стрит-фудтар жатқызылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!