Мемлекеттік сыйлыққа 26 жұмыс ұсынылған

Фотография - Мемлекеттік сыйлыққа 26 жұмыс ұсынылған

Тахир Балықбаев күні кеше ғана ғалымдарымызға берілген әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа 26 жұмыс жобасы түскендігін мәлімдеді.

80 0

 Бүгін Орталық коммуникациялыр қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев күні кеше ғана ғалымдарымызға берілген әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлыққа 26 жұмыс жобасы түскендігін мәлімдеді. 
- Елбасының Жарлығымен биыл алғаш рет беріліп жатқан әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлыққа жалпы жиынтығы 26 жұмыс жобасы келіп түсті. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілік еткен мемлекеттік комиссия құрамы осы жұмыстарды 7-8 ай бойы мұқият қарап, саралап бағалады. Нәтижесінде, отандық ғалымдарымызға жеті сала бойынша Мемлекеттік сыйлық үлестірілді, - деді Тахир Оспанұлы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ғылыми қызметтің беделін өсіру, сонымен қатар ғалымдарымызды ғылыми зерттеуде ынталандыру және инновация енгізу мақсатында ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы тағайындалған болатын.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!