Әйелдер бизнеспен өз қалауымен емес, қажеттiлiк туындаған соң айналысады

Фотография - Әйелдер бизнеспен өз қалауымен емес, қажеттiлiк туындаған соң айналысады

Осы жоба бизнес ортаны жақсартуға байланысты шешiмдер қабылдаудың тиiмдi құралына айналып отыр.

169 0

Ерлерге қарағанда әйелдер бизнеспен өз қалауымен емес, қажеттiлiк туындаған соң айналысады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiндегі баспасөз мәслихатында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Кәсiпкерлiктi дамыту орталығының директоры Нұрлан Құлбатыров мәлiм етті.

"Елбасы өз Жолдауында және "100 нақты қадам" атты Ұлт жоспарында елiмiзде кәсiпкерлiктi дамыту, оны қолдау және iскерлiк ахуалды одан әрi жақсартуға байланысты бiрнеше басым бағыттарды атап көрсеттi. Бұл басым бағыттар елiмiздiң негiзгi стратегиялық бағыттары болып табылады",-  деді ол.

Осы орайда Н.Құлбатыров ҚР Үкiметi, Ұлттық экономика министрлiгi реформаларды бастап та кеткенін айтып, кез-келген реформаларды бастамас бұрын оған ауқымды ақпараттық-сараптамалық зерттеулер жүргiзiлетіндігін еске салды.

"Сондай зерттеулердiң бiрi осы "Кәсiпкерлiктi жаһандық бақылау", яғни Global Entrepreneurship Monitor (GEM) деп аталатын жоба. Бұл жобаға Қазақстан Республикасы 2014 жылы бiрiншi рет қатысып отыр. Бұған дейiн 2007 жылы ілкі үлгiде қатысқан еді", - дедi ол.

Оның атап өтуінше, бұл жобаға әлемдiк жалпы iшкi өнiмнiң 90 пайызын қамтамасыз ететін  72 мемлекет қатысады. Айта кетерлігі, жоба бизнес ортаны жақсартуға байланысты шешiмдер қабылдаудың тиiмдi құралына айналып отыр.

"Қазақстан - аталған жобаға қатысып отырған Орта Азия өңiрiндегi алғашқы мемлекет. Қазақстанның осы зерттеу аясындағы алғашқы жетiстiктерiне тоқталсақ, еліміз 13,7 пайыздық деңгейде кәсiпкерлiк белсендiлiктi көрсетiп отыр. Қазақстандағы кәсiпкерлердiң үштен бір бөлiгi жалақыға балама ретiнде немесе жұмыстың болмауы салдарынан бизнеспен айналысса, ерлерге қарағанда әйелдер өз қалауы емес, қажеттiлiгi бойынша бизнеспен айналысатынын мәлiмдеген. Жалпы, орта есеппен алғанда елдің жұмысқа қабілетті тұрғындарының шамамен 13 пайызы кәсіпкерлік қызметпен айналысады", - деді Н.Құлбатыров. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!