Елордада қар жинауға мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды

Фотография - Елордада қар жинауға мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды

Көшелер мен тротуарларды тазарту жұмыстарына 1957 жұмысшы, механикаландырылған жинау жұмыстарына 1066 арнайы машиналар жұмылдырылады.

141 0

Елордалық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Бүгін көшелер мен тротуарларды тазарту жұмыстарына 1957 жұмысшы, механикаландырылған жинау жұмыстарына 1066 арнайы машина, соның ішінде самосвалдар (427 бірлік), сыпыру машиналары (110 бірлік), құм төсейтін машиналар (25 бірлік) және т.б. тартылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері қар полигонына 461 099 текше метр қар шығарылды, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін тротуарлар мен жолдарға 420,5 м3 құм-тұз қоспасы төселді.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Астанада жел күшейеді, жауын-шашынды болады және ауа температурасы төмендейді.

20 желтоқсанда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -22-24°С, күндіз -18-20°С дейін суытады.

Дүйсенбі, 21 желтоқсанда, синоптиктердің болжамынша, ауа температурасы күндіз -13-15°С, түнде -22-24°С төмендейді.

Еске салайық, 19 желтоқсанда желдің күшеюіне және ауа температурасының төмендеу ықтималдылығына байланысты 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болған жоқ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!