Алматы қаласының Наурызбай ауданында 700 орындық мектептің құрылысы басталды

Фотография - Алматы қаласының Наурызбай ауданында 700 орындық мектептің құрылысы басталды

"Электрокабель" ЖШС замануи электротехникалық өнімдер шығарады

217 0

Бүгін Алматы қаласының басшылығы "Электрокабель" ЖШС жаңа әкімшілік ғимаратын аралап көрді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Электрокабель" ЖШС 4000 шаршы метрлік жаңа ғимараты 700 жұмыс орнына шақталған. Қазіргі таңда, аталған компания "Универсиада-2017" нысандарын электр қуатымен жабдықтау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Мақсат - аталған жұмыстарды белгіленген мерзімге дейін аяқтау.

Сонымен қатар, компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында биыл Түркісіб ауданында 1200 орындық мектеп пен 100 орындық балабақша және Бостандық ауданы мен Медеу аудандарында бірқатар жаңа тұрғын үй кешендерінің құрылысын аяқтап үлгерді. Қазіргі таңда, "Алматы қаласын дамыту-2020" бағдарламасы аясында қалаға жаңадан қосылған Наурызбай ауданында 700 орындық жаңа мектептің құрылысына кірісті.

Айта кетелік, "Электрокабель" ЖШС замануи электротехникалық өнгімдер шығарады. Сондай-ақ, электрлік қосалқы стансаларды қайта жабдықтап, жаңартумен айналысады.

Зауыт жылына 2000 шақырым электр сымдарын шығарады. Бұл, Қазақстанның бүкіл энергетикалық нарығының 60 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!