Астанада "Блогиада-2015" конкурсының жеңімпазы 1 млн. теңгені ұтып алды

Фотография - Астанада "Блогиада-2015" конкурсының жеңімпазы 1 млн. теңгені ұтып алды

Жарысқа ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 12 блогер қатысты

303 0

"Нұр Отан" партиясының баспасөз орталығында қазақ блогерлері арасында шілде айында басталған "Блогиада-2015" жарысын қорытындылау рәсімі болып өтті.

"Нұр Отан" партиясының қолдауымен "Жігер.Абырой.Сана" қоғамдық қоры ұйымдастырған шара "Сапалы контентке - Миллион!" ұраны аясында өткізілді.

Жарысқа ШҚО, ОҚО, Қарағанды, Атырау облыстары және Алматы, Астана қалаларынан 12 блогер қатысты. Блогиада  барысында 5 ай ішінде Қазақ хандығы, спорт, теңге курсы, әлеуметтік медиа, ақпараттық қауіпсіздік, конвергентті журналистика, инновация және де басқа тақырыптарда жүзге жуық пост жазылды.

Бес айлық марафонның нәтижесінде 1-ші орынды блогерлік қырымен де танымал ОРТ-Еуразия телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Маралбек Сағынғанов иеленді. 2-орын танымал блогер Мерей Ермұхановтың қанжығасында. Ал 3-орынды Еуразия Ұлттық Университетінің студенттері Әйгерім Тоқсанбек пен Назерке Абибулла бөлісті.

Бас жүлде иесіне 1 000 000 теңге, 2-орынға 500 000, 3-орындарға (екі 3-орын) 250 000 теңгеден сыйақы табысталды.

Айта кетейік, блогиада - қазақ блогерлерінің жазба жарысы. Биыл екінші рет өткізіліп отыр. Байқау ережесіне сәйкес, әр апта сайын белгіленген тақырыптар бойынша блогерлер өз блогтарында жазба жазды. Блогиада әділ қазылары бұл жазбаларды техникалық және мазмұндық тұрғыда бағалады. Қазылар құрамы Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай, Асқар Базарбай сынды танымал ардагер блогерлерден құралды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!