ҚМДБ: Биыл еліміздің 751 мешітінде 45 456 адам діни сауатын ашты

Фотография - ҚМДБ: Биыл еліміздің 751 мешітінде 45 456 адам діни сауатын ашты

Балаларға арналған жазғы курстарда 12 152 оқушы имамдардың тәлімдік дәрісін тыңдады

210 0

Астана қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2015 жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылау Төралқа мәжілісі өтуде, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметінен.

Аймақтағы, облыстағы бас имамдардың қатысуымен өтіп жатқан басқосуда ҚМДБ Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Республика бойынша 751 мешітте сауат ашу курстары жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2015 жылы осы сауат ашу курстарында 45 456 (оның ішінде 31 789-ы – ер, 13 667-і әйел) адам Ислам құндылықтарын үйренді. Балаларға арналған жазғы курстарда 12 152оқушы имамдардың тәлімдік дәрісін тыңдады.

Елордада кеше басталған ҚМДБ-ның Үлкен Төралқа мәжілісі ертең де жалғасын табады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!