СҚО-да полицей Youtube жұлдызына айналды

Фотография - СҚО-да полицей Youtube жұлдызына айналды

Youtube -дегі "Әділ полицей" бейнеролигін 28 мыңнан астам пайдаланушы тамашалаған

436 0

Youtube -дегі "Әділ полицей"  бейнеролигін 28 мыңнан астам пайдаланушы тамашалаған. Онда зейнеткерге көшеде жолдан өтуге жәрдемдескен полицей -  бейнеролик кейіпкері  Петропавл қ. ІІД жол-патрульдік полиция батальонының апат орнына шығу жөніндегі инспекторы полиция лейтенанты Тимур Ысмайылов екен.

Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.  

 Полицей сол күнгі оқиғаны былайша баяндайды: "жұмыс бабымен Жабаев көшесі бойынша келе жаттым. Қарасам «Тайга» базарына қарсы  тайғанақ көшеде әжей таяқпен жолдан әрең өтіп бара жатыр екен. Машина толассыз өтіп жатыр. Үлкен сөмкемен  қиылысқа дейін жету оған оңай соқпайтынын түсіндім. Сосын   жолдан өтуге көмектесуді жөн санадым. Мен ЖПҚ киімінде болдым. Жүргізушілер бізге бірден жол беріп отырды. Мұны ерлік деп санамас едім".

Петропавл қ. ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ринат Құсайынов жауынгерлік, қызметтік дайындық сабақтарында бағынысты қызметкерлерге жол полицейлерінің қызметі тек бұзушылықты анықтау емес, сонымен бірге жол қозғалысы қатысушыларына жәрдемдесу екені үнемі  айтылатынын мәлімдеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!