Астанада 13 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Фотография - Астанада 13 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда елордада 56,1% тұрғын үй артық тапсырылды

201 0

Жыл басынан бері елордалық кәсіпорындармен, ұйымдармен және халықпен жалпы ауданы 1 494 592 шаршы метрлік 13 175 пәтер пайдалануға берілді.

 Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда елордада 56,1% тұрғын үй артық тапсырылды. 2015 жылдың басынан бастап 243 153 шаршы м мемлекеттік баспана тұрғызылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 53,3% артық. Жеке меншік құрылыс есебінен жалпы ауданы 1 174 699 шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен жылмен 1,9 есеге артық.

Бұдан басқа, шетелдік компаниялармен 2015 жылдың қаңтарынан бастап жалпы ауданы 76 740 шаршы метрлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл тұрғын үйге салынған инвестициялар 123 575,8 млн. теңгені құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!