Ұлттық ұлан ардагерге құрмет көрсетті

Фотография - Ұлттық ұлан ардагерге құрмет көрсетті

Ардагер 90 жасқа толып отыр

1069 0

Бүгін Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 7552 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің ардагері, Қазақстан Республикасы ІІМ құрметті ардагері, отставкадағы полковник Ошпанбай Түзелбаевтың тұғырлы 90 жасқа толған мерейтойы қарсаңында ұлықтау және салтанатты түрде құрмет көрсету іс-шарасы болып өтті, деп хабарлайды Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығның баспасөз қызметі.


Іс-шара барысында сөз алған "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бектұрсынов Нұрбай Кеңесбекұлы мерейтой иесіне Ұлттық ұлан әскерінің Бас қолбасшысы Жақсылықов Руслан Фатихұлының атынан келген құттықтау хатын және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Серәлиев Әлібек Болатұлының атынан құттықтау хаттарын табыс етсе, Ардагерлер Кеңесінің атынан отставкадағы полковниктер Фалеев Геннадий Дмитриевич пен Мезин Василий Яковлевич құттықтау тілектерін арнап, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы отставкадағы генерал-майор Токушев Қалиақпар Жұбанышұлының атынан келген құттықтау хатын табыс етті. Бұнымен қоса ұлықтау кешіне өзімен бірге қызметтес болған әріптестері, Тыл ардагерлері, отставкадағы офицерлер және 7552 әскери бөлімінің жеке құрамы да қатысып, мерейтойға арналған концерттік бағдарламаның куәсі болды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!