Алматыда комадан шыққан жедел жәрдем дәрігері көзінен айырыла жаздаған

Фотография - Алматыда комадан шыққан жедел жәрдем дәрігері көзінен айырыла жаздаған

Наркескен Сейсенбаев өмір бойы қарауда болады

448 0

Алматыда комадан шыққан жедел жәрдем дәрігері Наркескен Сейсенбаев алған жарақатынан өмір бойы қарауда болады, деп жазады Today.kz. 26 жасар ер адамның шабуылдан кейін зағип болып қала жаздағаны белгілі болды.

"Зардап шеккен дәрігер 20 күн комада болды және 25 күн өкпені қолдан желдету апаратымен, 28 күннен кейін бөлімге ауыстырылды. Бүгінде оның жағдайы орта деңгейлі ауырлықта, ол есін жиған. Негізгі жарақаты – бас сүйек жарақаты, осы себепті ота жасалған. Көру қабілетінен айырылуы мүмкін еді, алайда, комадан шығара алдық. Ол жазылып шыққанша қауіп жоқ деуге келмес. Стационарда шамамен үш апта болады", - дейді №7 аурухананың хирурния бойынша бас дәрігердің орынбасары Алмат Чорманов.

Наркескен Сейсенбаевтың әріптестерінің айтуынша, зардап шегушінің психоэмоционалды жағдайы тұрақты емес. Шектеулі режим қойылды, өйткені оған өткенін есіне түсіре беруге болмайды.

Естеріңізге салсақ, 26 қарашада Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды. "Таугүл" ықшамауданындағы шақыртуға барған дәрігер Наркескен Сейсенбаев пен оның әріптесіне ішіп алған адам шабуыл жасаған. Бұзақы дәрігерді бетонның сынығымен басынан ұрған. Екі дәрігер де ауруханаға түскен болатын.

Дәрігерлерге шабуыл жасады деген адам ұсталды. 38 жасар ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. ҚР ҚК 106-бабының 2-тармағы "Денсаулыққа әдейі ауыр зардап келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!