Астана коммуналдық қызметтері қар жинау жұмыстарында екі ауысыммен істеуде

Фотография - Астана коммуналдық қызметтері қар жинау жұмыстарында екі ауысыммен істеуде

Қар тазалауға 1124 коммуналды техника жұмылдырылды

266 0

Қазіргі кезде Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Адамдар жол мен тротуарлы тазалау үшін екі ауысымда істеуде. Алайда, тоқтаусыз жауған қардан астана көшелерінде жол жүру қиындаған, деп жазады Today.kz.

"Қар тазалауға 1124 коммуналды техника мен 2433 жұмысшы жұмылдырылды. 23 желтоқсандағы жағдай бойынша, жыл басынан бері қаланың қар қоқысына 561 171 кубометр қар шығарылған, 12 631 кубометр құмды-тұз қоспасы шашылған", - делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.

Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ақпараты бойынша, ауа-райының нашарлауынан кезекші бөлімге жеңіл материалдық шығынмен байланысты 40 ЖКО туралы хабар түскен. Аталған оқиғаларда зардап шеккендер жоқ.

Сонымен бірге ІІД ӘПБ жаяу жүргіншілердің де сақ болуын және жүргіхушілерді аса қажеттіліксіз қала сыртына шықпауына кеңес беруде.

Естеріңізге салсақ, ауа-райының бұзылуынан Қазақстанның бірқатар облыстарда автокөліктердің жүрісі шектелген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!