ОҚО әкімі Елбасының атынан 200 балаға ноутбук сыйлады

Фотография - ОҚО әкімі Елбасының атынан 200 балаға ноутбук сыйлады

Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын LED экран арқылы тыңдады

296 0

Бүгін Шымкенттегі "Оңтүстік цирк" ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің шыршатойы өтті. "Жібек жолының жаңа жылдық ертегісі" атты жаңа жылдық мерекеге облыстан 200 бала қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шыршатойда балалар Ұлы Жібек жолының картасы бейнеленген көрініс пен биылғы жылы өткен мерейлі мерекелер мен Президенттің өнегелі жолдары сипатталған бейне роликті тамашалады. Және ертегілер әлеміне саяхат жасап, Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауын LED экран арқылы тыңдады. Балғындардың қуанышымен бөлісе келген өңір басшысы Б.Атамқұлов балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға ноутбук табыстады. Сонымен қатар, "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты керемет кітаптар мен тәттілер сыйға тартылды. Мерекелік шыршатой өнерлі балалар дайындаған бағдарламасымен жалғасып, естелік суретке түсуі арқылы қорытындыланды. 2015 оңтүстікқазақстандық оқушылар халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауында, спорт пен өнер сайыстарында жүлделі орындардан көрінді. Мәселен, облыс оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада екі бағыт бойынша бірдей жүлделі ІІІ-орындар мен "Үздік олимпиадалық мектеп - 2015", "Үздік олимпиадалық команда - 2015" және "Ең үздік олимпиадалық команда-2015" атақтарын иеленді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!