Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Фотография - Астанада 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

сурет Астана қаласы әкімдігінің сайтынан

Жастар тәжірибесін өтуге 589 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 628 адам қайта даярлауға жіберілді

320 0

Астана қаласында ағымдағы жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша 18 839 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 1 528, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөңдеу – 4 305, көлік және қоймалау – 1 158, білім саласы және денсаулық сақтау – 3 157, құрылыс – 2 678 және 5 563 – экономикалық қызметтің басқа түрлері. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығымен 5 843 адам жұмысқа орналастырылды.

Жастар тәжірибесін өтуге 589 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 628 адам қайта даярлауға жіберілді.

Сондай-ақ, 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

Айта кетейік, елордада «Артем» базарында қалалық Жұмыспен қамту орталығының өкілдігі ашылды. Енді базарға келушілер, сондай-ақ базар маңында жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы және бос орындар, халықты жұмыспен қамту бойынша қолданылатын басқа да белсенді іс-шаралар туралы толық ақпарат ала алады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!