Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

Фотография - Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

Бүгін Алматы облысындағы Ұзынағаш және Заречный кенттеріндегі 28237 және 7552 әскери бөлімдерінде сарбаздар ант қабылдады

1535 0

Бүгін Алматы облысындағы Ұзынағаш және Заречный кенттеріндегі 28237 және 7552 әскери бөлімдерінде Ұлттық ұлан жас сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығыныңбаспасөз хатшысы Байшағыров Айдос.

Әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болатын осы рәсімді тамашалауға жас жауынгерлердің ата-аналары, туған-туыстарымен қатар Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының офицерлері, Ұлттық ұлан ардагерлері және өзара әрекеттегі байланыс органдарының өкілдері де арнайы қатысты.

Ант қабылдау мерекесін әскери бөлім командирлері салтанатты түрде ашық деп жариялаған соң 300-ге жуық Ұлттық ұлан жас сарбаздары ата-аналары, туған туыстары мен командирлерінің алдында "Отанға адал қызмет етеміз!" деп әскери салтанатты түрде ант қабылдады.

Ант қабылдау рәсіміне арнайы келген Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Аппазов Марлен Диляверович пен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар басқармасының бастығы Әлкешев Ниязтай Болатұлы жас сарбаздарға өздерінің жалынды құттықтау тілектерін арнап, оларды Отан алдында қабылдаған әскери анттарына адал болуға, мемлекетіміздің тыныштығын қорғау жолына өз үлестерін қосуға шақырды. Бұнымен қоса Ұлттық ұлан Ардегерлер кеңесінің атынан отставкадағы полковник Жұманов Союзжол Сұлтанұлы және ЛА-14 түзеу мекемесі бастығының орынбасары Жұмабеков Бахыт Қаттабекұлы да сарбаздарға жалынды тілектерін арнады.

Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген жас сарбаз Елтай Беріктің әкесі ақсақал Бұзаубаев Орал сарбаздарға осы қабылдаған анттарына адал болуларын, әскери қызметтің қиындықтарына мойымай, табандылықпен төтеп беруге шақырып, үйге, ата-аналарына аман-есен оралуларын тілесе, сарбаз Ганеев Виктордың анасы ұландықтарға арнап өлең оқып берді. Бұнымен қоса сарбаз ережеп Құрбановтың әжесі Ибрагимова Анар өз немересінің Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтейтінін мақтан тұтанын айтып, қуанышымен бөлісті.

Әскери ант қабылдау рәсімінің ресми бөлігінен соң жиналған жұртшылық атқыштар взводы сарбаздарының қарумен және қоян-қолтық ұрысы тәсілдерін көрсету өнерін тамашалады. Іс-шара Ұлттық ұлан оркестрінің сүйемелдеуімен жоғары деңгейде өтті.